"Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі к. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
К У Ә Л І К
Ескерту. Куәліктің нысаны жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.04.2013 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы ________________________________________
Тегі __________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
Тіркелген күні ________________________________________________
Құрылған күні _________________________________________________
№ _______ Сериясы _____