Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                к. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің        
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1325 қаулысымен    
      бекітілген        

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК

     ___________________________________________________
                  (салық қызметі органының атауы)

Салық төлеушінің атауы "___________________________________________"

                       Тегі _______________________________________
Фотосуретке            Аты ________________________________________
арналған               Әкесінің аты _______________________________
орын                   СТН ________________________________________
                       ЖСН (БСН) __________________________________
                       Сериясы    N________________________________

Артқы беті

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________
      Орналасқан орны _____________________________________________
      Тіркелген күні ______________________________________________

      Салық органының басшысы:

      __________________________________________
                        Т.А.Ә

                                       М.О.

      __________________________________________
                        Қолы
      Берілген күні_____________________________