Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)
тізбесі
:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында:
концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарын пайдалануға беру.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аэронавигация саласында:
1) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
2) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов