Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1248 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Исмайылұлы ақпарат вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы вице-министрі
Федоров - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Олег Анатольевич вице-министрі
Парсегов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
Борис Анатольевич агенттігі төрағасының орынбасары
Меңдібаев - Қазақстан Республикасының Статистика
Бірлік Қайырбекұлы агенттігі төрайымының орынбасары
Тілеухан - Қазақстан Республикасының Парламенті
Нәркес Түлекқызы Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Мейірманова - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Азалия Амангелдіқызы Мәжілісіндегі "Нұр Отан"
халықтық-демократиялық партиясы фракциясының
аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Қуанғанова - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнәр Шаймұратқызы директорының орынбасары (келісім бойынша)
Нұғманова - "Қазақстан Республикасының заң шығару
Эльмира Әбдікқызы институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының
кандидаты (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы, Шаймерденова Гүлвира Балташқызы шығарылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.