Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1248 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы   
      Үкіметінің         
      2008 жылғы 24 желтоқсандағы
      N 1248 қаулысымен     
      бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
       1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Бөрібаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Исмайылұлы        ақпарат вице-министрі

Оразаев               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы       вице-министрі

Федоров               - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Олег Анатольевич        вице-министрі

Парсегов              - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
Борис Анатольевич       агенттігі төрағасының орынбасары

Меңдібаев             - Қазақстан Республикасының Статистика
Бірлік Қайырбекұлы      агенттігі төрайымының орынбасары

Тілеухан              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Нәркес Түлекқызы        Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің
                        меңгерушісі (келісім бойынша)

Мейірманова           - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Азалия Амангелдіқызы    Мәжілісіндегі "Нұр Отан"
                        халықтық-демократиялық партиясы фракциясының
                        аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің
                        меңгерушісі (келісім бойынша)

Қуанғанова            - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнәр Шаймұратқызы     директорының орынбасары (келісім бойынша)

Нұғманова             - "Қазақстан Республикасының заң шығару
Эльмира Әбдікқызы       институты" жауапкершілігі шектеулі
                        серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының
                        кандидаты (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы, Шаймерденова Гүлвира Балташқызы шығарылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.