Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "мониторингінің" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - бағалар мониторингі)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын шикі мұнайға ренттік салық салуға жататын шикі мұнайды әкетуге қатысты қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов