Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1183 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және су мен дала экологиялық жүйелерінің табиғи дамуын сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан жалпы алаңы 20780 гектар жер учаскелері алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жалпы алаңы 263428 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгілеген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.
      3. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
      4. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      "Ақмола облысы" деген бөлімнің реттік нөмірі 1-жолының 3-бағанында "258963" деген сандар "543171" сандармен ауыстырылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2008 жылғы 18 желтоқсандағы
                                              N 1183 қаулысына
                                                  қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
     Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын
   мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты
  жер пайдалануға берілетін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен
Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жер учаскелерінің
                        экспликациясы

Атауы

Жалпы
алаңы,
га

Оның ішінде, га

а/ш
мақ-
са-
тын-
дағы
жер-
лер

оның ішінде

бо-
сал-
қы
жер-
лер

оның ішінде

а/ш жерлері

өзге
ал-
қап-
тар

а/ш жерлері

өзге
ал-
қап-
тар

жай-
ылым

ша-
бын-
дық

бар-
лығы
а/ш
жер-
лері

ег-
іс-
тік-
тер

жай-
ылым

бар-
лығы
а/ш
жер-
лері

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы

"Сау-
мал-
көль-
Агро"
ЖШС

15673

15673


 

10874

10874

4799






"Агро-
Стиль"
ЖШС

273

273

273


 

273







"Ораз
ауылы"
А/Ш

4834

4834


 

1975

1975

2859


 


 


 


 


 

Қызыл-
сай а/о

1303






1303

716

55

771

532

Жиыны:

22083

20780

273

12849

13122

7658

1303

716

55

771

532

Қарағанды облысының Нұра ауданы

N 1
учаске

256778






256778

237692


 

237692

19086

N 2
учаске

5347






5347

3904


 

3904

1443

Жиыны:

262125






262125

241596


 

241596

20529













Барлық
жерлер
:

284208

20780

273

12849

13122

7658

263428

242312

55

242367

21061