Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1109 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Балық аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесінде:
      11-тармақтың 12) тармақшасында "емес" деген сөз алып тасталсын;
      22) тармақшада "кемінде" деген сөз алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов