Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1109 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Балық аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесінде:
      11-тармақтың 12) тармақшасында "емес" деген сөз алып тасталсын;
      22) тармақшада "кемінде" деген сөз алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов