Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1068 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2008 жылғы 18 қарашадағы
N 1068 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында :
      2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органына" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде:
      бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер тиісінше "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың оныншы абзацындағы ", меншік нысандарына қарамастан", "(бұдан әрі - ұйымдар)" деген сөздер алып тасталсын;
      14-тармақтың алтыншы және жиырма екінші абзацтарындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      15-тармақтың бірінші абзацындағы "өртке қарсы" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      21-тармақтың екінші абзацындағы "оқыту орталықтарында," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      5-тармақтың үшінші абзацындағы "Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органмен" деген сөздер "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 129 қаулысымен. (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта және 6-тармақтың үшінші абзацындағы "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
      15-тармақтағы "Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
      23-тармақтағы ", меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын.
      4. "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 394-құжат):
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік өртке қарсы қызметпен" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 5) тармақшасындағы "ішкі істердің," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      6-тармақтың бесінші абзацындағы, 52-тармақтың екінші абзацындағы және 127-тармақтағы "ішкі істер органдарының," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      7. "Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
      4-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 29, 376-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың он жетінші және он тоғызыншы абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органын" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырмасыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
      6-тармақтың 3) тармақшасындағы "органдарының (қызметтерінің)," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      13-тармақтағы "санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінде:
      "өртке қарсы қадағалау органдары" деген сөздер "мемлекеттік  өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 622 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. "Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі N 801 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 247-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақтағы "қатысатын" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт сөндіру жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен өрт сөндіруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажетті күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнімдерін және демалыс орындарын ұсыну ережесінде:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 45, 452-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет органдары", "Өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
      "тез арада" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      "меншік нысанына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      "қабылдаған кезде" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      11-тармақтағы "білімді және" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      14-тармақтағы "Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      15-тармақтағы "меншік нысанына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын.
      13. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 465-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесінде:
      4-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы және 9-тармақтағы "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 13 қаулысында :
      тақырыбында, 1-тармақта "министрлігінің" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшаға ескертуде:
      5-тармақтағы "ішкі істер" деген сөздер "өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Ішкі" деген сөз "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12-тармақтың бірінші абзацындағы "министрлігінің" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімдерінің үлгілерінде:
      тақырыбында "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасында:
      тақырыбында "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      V тараудың мәтініндегі "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      69-суреттегі "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. "Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 50 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 18-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесінде:
      2-тармақтағы "меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың үшінші абзацындағы "меншік нысанына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      15-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "Меншік нысанына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 № 478 Қаулысымен.
      17. "Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін бейбіт уақытта пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 256 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін бейбіт уақытта пайдалану ережесінде:
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      18. "Объектілер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 363 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 17, 171-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген объектілер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейінде:
      3-тармақтағы "меншік нысанына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын.
      19. Құпия.
      20. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысында :
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған үлгі шартында:
      19-тармақтың 2) тармақшасындағы "жергілікті органдарға," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шартында:
      16-тармақтың 7) тармақшасындағы "жергілікті органдарға," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      21. "Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 507-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметі".
      22. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 20-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесінде:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
      7-тармақтың бірінші абзацындағы "қаржы полициясы және" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      24. "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 445-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет".
      25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
      26. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      27. "Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 48 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесінде:
      5-тармақтағы "аумақтық" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      9, 10, 11 және 12-тармақтардағы "аумақтық органдары" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      13-тармақтағы "аумақтық" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      28. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. "Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 162-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақтағы "өтемақы төленетін" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
      тақырыбында "өтемақы төленетін" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      30. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      31. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 942 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 493-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемінде:
      4-тармақтың бірінші абзацындағы ", меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтағы "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға" деген сөздер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      32. "Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 619-құжат):
      т ақырыбынд а, 1-тармақта "Өртке қарсы қызмет" деген сөздердің алдынан "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақта "өртке қарсы қызметі" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесінде:
      тақырыбында "Өртке қарсы қызмет" деген сөздің алдынан "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесінде:
      тақырыбында "Өртке қарсы қызмет" деген сөздердің алдынан "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      33. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1264 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларында:
      4-бөлімнің реттік нөмірі 6-жолының 2-бағанында "Өртке қарсы қызмет" деген сөздер "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      34. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      35. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      36. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 801 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).
      37. "Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 26, 302-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережесінде:
      9-тармақтың екінші абзацындағы "кеден," деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      43-тармақтағы "қаржы полициясы," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      62-тармақтың 1) тармақшасындағы "Күзет қызметі," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      38. "Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 366-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:
      5 және 7-тармақтардағы "өртке қарсы қызмет органымен" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      39. "Кәсіби авариялық құтқару құралымдарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 872 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби авариялық-құтқару құрамаларын жабдықтау және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларында:
      N 5.1.2-нормалардың ескертуіндегі екінші абзацында "байланысты" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      40. "Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 148 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 80-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесінде:
      9-тармақтағы "министрлігінің" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол көлігінде өрт салдарларын жою ережесінде:
      9-тармақтың бірінші абзацында "бөлімшелері әзірлейді" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      11-тармақтағы "аумақтық" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесінде:
      3-тармақтағы "тиісті нұсқаулықтарды әзірлеуді," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      38-тармақтың 2) тармақшасындағы "Әуежай мен" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      41-тармақтағы "министрлігі" деген сөзден кейін "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      41. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы он бесінші абзацта ", оның ішінде" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.