Күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1027 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде "Семсер" мамандандырылған оқу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов