"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 қазандағы
N 949 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке мынадай негізгі міндет жүктеледі:
1) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру;
2) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
3. Негізгі міндеттерге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:
жолға шығатын техникасы бар - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобилдерімен жарақтандырылған немесе техникалық сипаттамасы бойынша өрт сөндіру мәселелерін толық көлемде шешуді қамтамасыз ететін бейімделген техникасы бар өрт сөндіру бөлімдері (бекеттері);
жолға шығатын техникасы жоқ - қызметкерлері өрттердің алдын алу (сақтандыру) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және осы мақсаттарда өрт сөндірудің тұрақты, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, өрттерді олардың алғашқы даму сатысында сөндіруге қатысатын өрт сөндіру бекеттері.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері тұрақты (тәулік бойы) жауынгерлік дайындықта болады.
5. Бір мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшесінің оны ұстауда үлестік қатысатын және ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары" немесе қарамағындағы немесе салалық қатысы бар ұйымдар мен объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын тиісті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік актілеріне сәйкес осы бөлімшенің нормативтік шығу радиусындағы бірнеше ұйымдар мен объектілерге қызмет көрсетуіне болады.
Бұл ретте мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызметкерлерінің жалпы саны мен техникалық жарақтандырылуы осы қызметті ұстауда үлестік қатысатын, өрт қауіптілігі неғұрлым жоғары ұйымдар немесе объектілер үшін есептік санға сәйкес болуы тиіс.
6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерін ұстау олар құрылатын ұйымдар мен объектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке қаржы, кадр қызметкерлерінен, өрт техникасы мен байланыс құралдарына қызмет көрсететін мамандардан тұратын ресурстық қамтамасыз ету топтарын енгізу қажеттілігін әрбір нақты жағдайда ұйымдар мен объектілердің басшылары анықтайды.
8. Жолға шығатын техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінің (бекеттерінің) негізгі бірлігі өрт сөндіру автомобилінде жауынгерлік есептің командирі басқаратын жауынгерлік есеп болып табылады. Өрт сөндіру бөлімінде (бекетінде) екі және одан астам өрт сөндіру автомобилі болған жағдайда қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.
9. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) өрттердің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін нұсқаушылар бар өрттің алдын алу топтары құрылуы мүмкін.
10. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған ұйымдар мен объектілерді өрттерден күзетуді нұсқаушы-өрт сөндірушілер тәулік бойы режимінде жүзеге асырады.
Нұсқаушы-өрт сөндірушілердің саны ұйым мен объектінің өндірістік ауданына, қуатына, жұмыс режиміне байланысты анықталады (бірақ кезекшілік ауысымда кемінде 2 штаттық қызметкер).
11. Өрт сөндіру қызметін және өрттің алдын алу жұмысын ұйымдастыру тәртібін, өрт сөндіру деполарының, өрт сөндіру техникасының санын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің санын осы Ережеге сәйкес ұйымдар мен объектілердің басшылары белгілейді
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру
12. Ұйымдар мен объектілердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысы:
қауіпсіздік техникасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерін тиісті жұмыс жағдайымен қамтамасыз ететін өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай, депо);
өрт сөндіру автомобилдерінің есептік саны;
нормативтік өрт сөндіру-техникалық жабдығы мен жарағы;
радиожелі байланыс құралдары;
жеке жауынгерлік киім мен жарақ;
ұйымның немесе объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі туралы ережесі болған жағдайда жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрттерді сөндіруді ұйымдастыруы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды осы Ережеге 1-қосымшада келтірілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесіне сәйкес ұйым немесе объект басшысы белгілейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Ұйымдар мен объектілердің өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) күштерді, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау үшін:
өрт, авария туралы хабарларды қабылдауды;
шақыру орнына өрт сөндіру автомобилдерімен жауынгерлік есептерді шығаруды;
өкімдер беруді, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндіруге жұмылдырылған бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін байланыс пункттерін құру ұсынылады.
Бұл ретте өрт сөндіру бөлімінің (бекетінің) байланыс пункті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жақын орналасқан бөлімшесінің байланыс бекетімен байланыс арнасын қамтамасыз етуі тиіс.
16. Өрт сөндіру автомобильдері қалталы радиостанциялармен қамтамасыз етіледі. Қалталы байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндіру басшысы, кезекшілікті жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндіру бөлімі (бекеті) тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегі қызметкерлер қамтамасыз етіледі.
17. Ұйымның немесе объектінің технологиялық үдеріс ерекшеліктері негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау, сондай-ақ химиялық бақылау және газ талдау аспаптарымен қамтамасыз етіледі.
18. Мемлекеттік орман иеленушілердің өртке қарсы қызмет қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшы лауазымдарына жұмысқа (жасақтардың, өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттердің бастықтары) оларға жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы тиісті кәсіби біліктілігі бар тұлғалар жіберіледі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымдарды күзетілетін объектідегі немесе ұйымдағы басқа лауазымдармен қатар атқаруына жол берілмейді.
19. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылданушы тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындықтан және оқыту курстарынан өтеді. Арнайы дайындық пен оқыту курстарынан өтпеген тұлғалар жұмыс істеуге жіберілмейді.
20. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызметкерлерді жыл сайынғы кезекті дайындық жұмысын ұйымдастыру көзделеді. Кезекті дайындық бағдарламасы ұйымның немесе объектінің өндірістік сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды жүргізуді қамтиды және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
21. Өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) демалуға қолайсыз орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі үшін газ түтінінен қорғау қызметін құру ұсынылады.
22. Өрт сөндіру автомобильдері мен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі жұмысқа мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық және газ түтінінен қорғау қызметтері жөніндегі нормативтік актілерге сәйкес тиісті біліктілігі бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері жіберіледі.
23. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын жүзеге асыру үшін өрт сөндіру бөлімдеріндегі (бекеттеріндегі) өрт сөндіру деполарының саны мен оларды ұйымның немесе объектінің аумағында орналастыру ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары", ҚНжЕ ІІ-97-76 "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарлары" талаптарына сәйкес айқындалады.
24. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген тактикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, төмендегі формула бойынша ұйым мен объектінің сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынының бір өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есебімен берілетін су шығынына қатынасымен анықталады:
Q каж
N м = ---------------
Q такт. мүмк
мұндағы N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
Q каж — ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығыны (өрттердің есептік санын ескере отырып);
Q такт. мүмк - жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бір өрт сөндіру автомобилі беретін су шығыны.
Ескертпе: Есептерді жүргізу кезінде алынған мәнді дөңгелету қажет: мәні > 0,5 болғанда артуына қарай және керісінше, бірақ бір автомобильден кем емес.
25. Ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны Q каж :
ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен кұрылыстар" 2.22-тармағының талаптарына сәйкес ұйымның немесе объектінің аумағында бір мезгілде болатын өрттердің есептік санын;
ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағының талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынын ескере отырып анықталады.
Ұйымда немесе объектіде бір мезгілде болатын екі өрт кезінде сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететін екі ғимарат бойынша қабылдануы тиіс.
26. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы сыртқы өрт сөндіруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау мен тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" талаптарына сәйкес қабылданады.
27. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупі бар өндірістердің (резервуарлық парктер, сорғымен айдап қотару станцияларының ғимараттары, ағызу-құю эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғылардағы сыртқы өрт сөндіру автоматты өрт сөндіру жүйелерімен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафетті оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген ұйымдар мен объектілерде жолға шығатын техникадан өрттерді сөндіруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндіріс ғимараты (әкімшілік ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшін, сондай-ақ ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" 8.6., 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледі.
Бұл ретте ҚНжЕ 2.11.03-93 8.6, 8.19-тармақтарымен анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндірістегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығынын ең көп су шығынын қажет ететін ғимараттар (құрылыстар) үшін ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағына сәйкес қабылдау қажет.
28. Ұйымдағы немесе объектідегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кезекшілік ауысымының жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны мынадай формула бойынша анықталады:
N ж.е. = N м х N e ( адам )
мұндағы N ж.е. — кезекшілік ауысымындағы жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны;
N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
N e ( адам ) - негізгі өрт сөндіру не бейімделген автомобиль маркасына байланысты қызметкерлердің саны (бөлімше);
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны олардың жұмыс ауысымдарын ескере отырып анықталады;
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалпы саны (есептермен анықталған) бекітілген ұйым немесе объект қызметкерлерінің жалпы штаттық санына тең немесе артық болған жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жауынгерлік есеп қызметкерлерінің есептік саны мен өрт сөндіру техникасының санын (бірақ өрт сөндіру автоцистернасында кемінде жүргізуші мен ауысымның жауапты тұлғасын қоса алғанда, жеке құрамның кемінде 4 адамы) азайтуға рұқсат етіледі. Бұл ретте жауынгерлік есеппен өрт сөндіргіш құралдардың есептік (нормативтік) шығынын жедел беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар мен оларды іске асыру тетіктері бойынша өтем іс-шаралары кешені өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық белімшесімен келісіледі.
29. Өрт сөндіргіш ұнтақтарды, газдар мен өрт сөндіргіш қабілеті жоғары басқа да заттарды пайдалануды қажет ететін ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіруге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тиісті түрлендіргіш өрт сөндіру автомобильдерімен жабдықтау қажет.
30. Ұйым немесе объект аумағында биіктігі 15 метр және одан астам ғимараттар мен құрылыстар болған жағдайда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті өрт сөндіру автосатысымен (автокөтергіштермен) жарақтандыру ұсынылады.
31. Өрт сөндіру автомобильдері ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.
32. Ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіру үшін қажетті негізгі өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезінде тасымалды немесе жылжымалы өрт сөндіру мотопомпалары көзделеді.
33. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрттермен күресуге дайындығын бақылауды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
Ережеге
1-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының
тізбесі
р/с N | Құжаттың атауы | Сақтау орны |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
Қызметті ұйымдастыру бойынша | ||
1. |
Қызмет кітабы |
Қарауыл бастығы |
2. |
Кезекшілік қарауыл қызметкерлерінің функционалдық міндеттері |
Бөлім бастығы, N 1 папка |
3. |
Бөлімшедегі өрт сөндіру автомобильдерінің жауынгерлік есебінің табелі |
N 1 папка, стенд |
4. |
Қарауылға қызметкерлерді бекітіп беру туралы бөлім бастығының бұйрығы |
Бөлім бастығы, N 1 папка |
5. |
Қызметкерлердің мекен-жайы мен телефондарының тізбесі |
N 2 папка |
6. |
Телефон анықтамалығы, ӨБОБ (КҚЖБО), бөлімшелердің, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақыру радио станциялары |
N 1, 2 папка |
Дайындықты ұйымдастыру бойынша | ||
7. |
Жеке құрамның кәсіби дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бұйрық (ағымдағы жылға) |
Бөлім бастығы |
8. |
Өрт сөндіруші, жүргізуші және радиотелефонист лауазымдарына жұмысқа қабылданған қызметкерлердің алғашқы дайындығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі құжаттар |
Бөлім бастығы |
9. |
Алғашқы дайындықтан өткеннен кейін дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрық |
Бөлім бастығы |
10. |
Өрт сөндірушілерді, жүргізушілерді және радиотелефонистерді кейіннен дайындау жөніндегі тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестесі |
Бөлім бастығы |
11. |
Объектілерді жедел тактикалық зерделеудің жоспар-кестесі, өрт-тактикалық сабақтар өткізу (күндізгі және түнгі уақытта) |
N 1 папка |
12. |
Жеке құрамды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында (бұдан әрі — ТКОЖҚҚ) түтін камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесі |
Бөлім бастығы, N 1 папка |
Өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша | ||
13. |
Бөлімшелердің шығу кестесі (үзінді көшірме) немесе "Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары" |
Бөлімнің байланыс пункті |
14. |
Бөлімшелердің орнатылған су көздеріне, өрт шығу, жарылу қаупі бар объектілерге, ҚӘУЗ объектілеріне, адамдар жаппай жиналатын объектілерге және басқа да маңызды объектілерге шығу ауданының жоспар-картасы |
Бөлімінің байланыс пункті |
15. |
Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің телефон анықтамалығы |
N 2 папка |
16. |
Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығы |
N 1, N 2 папка |
17. |
Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларының тізімі |
Бөлімнің байланыс пункті, N 2 папка |
18. |
Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкалары |
Бөлімнің байланыс бекеті |
19. |
Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт орнына шығу жолдамалары |
Бөлімнің байланыс бекеті |
20. |
Бөлімнің байланыс пунктінің журналы |
Бөлімнің байланыс бекеті |
21. |
Саптық жазба журналы |
Бөлімнің байланыс бекеті |
22. |
Кіріс телефонограммаларының журналы |
Бөлімнің байланыс бекеті |
23. |
Жабық өту жолдарын, жолдарды, ақауы бар өртке қарсы сумен жабдықтау учаскелерін және т.б. есепке алу журналы |
Бөлімнің байланыс бекеті |
Газ түтінінен қорғау қызметі бойынша (болған жағдайда) | ||
24. |
Газ түтінінен қорғаушының жеке карточкасы |
Қарауыл бастығы |
25. |
Газ түтінінен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрық |
N 1 папка |
26. |
Қызметкерлерді қауіпсіздік бекетіне дербес жұмыс істеуге жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме |
N 1 папка |
27. |
ГТҚҚ бекетіндегі ГТҚҚ мүлігінің тізімі (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративті патрондар, ТОЖҚҚ) |
ГТҚҚ бекеті |
28. |
ГТҚҚ бекетінде жұмыс істеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық |
ГТҚҚ бекеті |
29. |
ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт |
ГТҚҚ бекеті (папкада) |
30. |
ТОЖҚҚ N 1 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы |
Қарауыл бастығы |
31. |
ТОЖҚҚ N 2 тексерісті тіркеуді есепке алу журналы |
Қарауыл бастығы |
32. |
ГТҚҚ жұмыс істеуші буындарды есепке алу журналы |
Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге 1 |
Қауіпсіздік техникасы бойынша | ||
33. |
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы |
Бөлім бастығы |
Өрт сөндіру техникасы бойынша | ||
34. |
Өрт сөндіру машиналарына жүргізушілер құрамын бекітіп беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме |
N 1 папка |
35. |
Өрт сөндіру машиналарына техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобильдеріне ТҚК жүргізудің жоспар-картасы |
Бөлім бастығы, N 1 папка, стенд |
36. |
Өрт сөндіру автомобильдерін қабылдау-тапсыру журналы |
Қарауыл бастығы |
Өрт-техникалық жарақ бойынша | ||
38. |
Өрт-техникалық жарақты сынау журналы |
Қарауыл бастығы |
39. |
Әрбір негізгі және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тізімі |
Қарауыл бастығы, автокөлік |
40. |
Диэлектрлік құралдарды сынау актілері |
Қарауыл бастығы |
Жеңдік шаруашылық бойынша | ||
41. |
Өрт сөндіру жеңдерінің паспорты |
Қарауыл бастығы |
42. |
Жеңдерді есепке алу журналы |
Қарауыл бастығы |
43. |
Өрт сөндіру жеңдерін соңғы сынау ведомосы |
Бөлім бастығы, қарауыл бастығы |
Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша | ||
44. |
Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздерін тексеру журналы |
Қарауыл бастығы |
45. |
Объектінің су көздерінің анықтамасы мен планшеті |
Жауынгерлік есептегі әрбір негізгі автомобильге |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ОӨББ - Орталық өрт сөндіру байланыс пункті
КҚЖБО - Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
ТОЖҚҚ - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
ҚӘУЗ - қатты әсер ететін улы заттар
ГТҚҚ - газ түтінінен қорғау қызметі
ТҚК - техникалық қызмет көрсету
Ережеге
2-қосымша
Өрт сөндіруге су беру бойынша өрт сөндіру автомобиліндегі
жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері
Р/ c N | Өрт сөндіру автомобильдері | Ауысымдағы өрт сөндіру автомобиліндегі жауынгерлік есеп саны төмендегідей болғанда ең көп су шығыны, литр/сек.,Q такт.мүмк | |
---|---|---|---|
9 адам | 6 адам | ||
1. |
Өнімділігі 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндіру автоцистернасы |
- | 14 |
2. |
Өнімділігі 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндіру автосорғышы |
21 |
14 |
Ескертпе:
1. Өрт сөндіру автомобилдеріндегі жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері оларды типтік өрт-техникалық жарақ жиынтығымен жабдықтауды және қауіпсіздік техникасы мәселелерін сақтауды ескере отырып келтірілген.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының үлгі нормаларында көзделмеген қазіргі заманғы өрт сөндіру техникасымен және жабдығымен жабдықтаған жағдайда жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша олардың тактикалық-техникалық сипаттарын ескере отырып қарастырылады.