Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 863 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді
орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген сөзден кейін ", "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов