Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 861 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2017 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      кіріспедегі "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі," деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      1-тармақтағы "Республикасының" деген сөзден кейін "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бірінші абзацы "Тауарлардың" деген сөздің алдынан "Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов