Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 7 сәуірдегі
№ 183 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 421-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 1919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 474-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1094-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысының 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары, 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 12, 108-құжат).