"Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637
Жарлығын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесінде:
"Астана қаласы-21" деген бөлім "Есіл-320" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
"Астана қаласы" деген жолдағы "1011" деген сандар "1043" деген сандармен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47492" деген сандар "47524" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен:
1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов