Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010.06.30 N 33-299/IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Райымқұлов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Тулендиев