"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 806 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1153 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 552-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақта "Шет ел тілдері әскери институты" деген сөздер "Әскери институты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шет ел тілдері әскери институты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      тақырыбында және 1-тармақта "Шет ел тілдері әскери институты" деген сөздер "Әскери институты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Институттың заңды мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 210.
      7. Институттың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі".";

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 142-құжат):

      1-тармақтың 3)тармақшасында (құпия).

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов