1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |