Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 632 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 696 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 632  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      3-тармақтағы "Индустрия және сауда" деген сөздер "Туризм және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов