Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.03.2018 № 118 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 632 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Индустрия және сауда" деген сөздер "Туризм және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |