Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 640 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449  қаулысында :
      Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      5.3-кіші бөлімнің 5.3.1-тарауында он бірінші және он жетінші абзацтарда "Тарутинский" деген сөз алынып тасталсын;
      "Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімдегі реттік нөмірі 80-жол алынып тасталсын;

      2) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1403  қаулысында :
      2-тармақтың 2) тармақшасы "екі ай мерзімде" деген сөздерден кейін "осы қаулыға 2-қосымшаның 41-тармағында көрсетілген 2009 жылы беруге жататын республикалық меншіктің жылжымайтын мүлік объектісін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 4-тармағының 1), 2) тармақшаларынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес оларды республикалық меншікке қабылдағаннан кейін тиісті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
      4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын.";

      осы қаулыға 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "ШҚО, Өскемен қаласы, Шлюзная к-сі, 1";

      реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-жолдар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      Ақтөбе облысы бойынша:
      3 "Көпті" деген сөз "Қопа" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны;
      10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны;
      10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны;
      10-4. "Авангард" мыс кен орны;
      10-5. Көкжарлы мыс кен орны;
      10-6. "Жарлыша" мыс кен орны;
      10-7. Жыланды мыс кен орны;
      10-8. Сарлыбай мыс кен орны.";
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Батыс Қазақстан облысы бойынша:
      10-9. Шалқар тұз құрылымы;";
      "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      Маңғыстау облысы бойынша:

      18-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. "Бескемпір" темір рудаларының кен орны.";
      "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ" бөлімінде:
      Қарағанды облысы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
      "40-1. Қарағанды көмір бассейнінің "Долинская" шахтасы.";
      "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      Қостанай облысы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2, 41-3, 41-4, 41-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "41-1. Приозерный боксит кен орны;
      41-2. Құшмұрын боксит кен орны;
      41-3. Көктал боксит кен орны;
      41-4. Батыс-Обаған кен орны;
      41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.";

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
      "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      "Батыс Қазақстан облысы
      1-1. Ғимарат, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 206/1;
      1-2. Іргелес жер учаскесі бар "Самал" қонақ үйі мүліктік кешені, Орал қ., Есенжанов к-сі, 45";
      "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      6-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
      "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанындағы "7,58" деген сандар "19,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
      "6-1. "Троллейбус паркі" АҚ, Ақтөбе қ.               100";
      "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 73, 77-жолдардың 3-бағанындағы "100" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 83-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов