Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 213-бабына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банкрот деп танылған "Өнеркәсіппластмасса" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартқан мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеу 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 1902999,72 (бір миллион тоғыз жүз екі мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз евро жетпіс екі евроцент) евроға баламалы сомаға 1996 жылғы 26 тамыздағы № 27-1-Г/4-96 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін атқару жолымен жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов