Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов