Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді босату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 636 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 949 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 28 маусымдағы
№ 636 қаулысына    
қосымша        

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін
беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес
мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып
қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке
өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың
тізімі

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 949 қаулысымен.

      1. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      2. «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      3. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      5. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      6. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      7. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      8. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      9. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      10. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      11. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      12. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      13. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      14. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      15. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      16. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.