Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының»Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" акционерлік қоғамы еншілес кәсіпорнының акциялары пакетінің 100%-ын республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97-жолмен толықтырылсын:
"21-97 "Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-2-жолмен толықтырылсын:
"239-2 "Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" АҚ";
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов