1. "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының»Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" акционерлік қоғамы еншілес кәсіпорнының акциялары пакетінің 100%-ын республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97-жолмен толықтырылсын:
"21-97 "Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-2-жолмен толықтырылсын:
"239-2 "Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" АҚ";
3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483
қаулысында
:
жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
"15-1 "Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма" акционерлік қоғамы".