"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 маусымдағы
N 603 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.12. N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.07.23. N 1120 Қаулыларымен.
"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары, төраға
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы көмекшісі, орынбасар
Біртанов - Қазақстан Республикасының
Елжан Амантайұлы Денсаулық сақтау вице-министрі
Кармазина - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Шарман - "Ұлттық медициналық холдинг"
Алмаз Төрегелдіұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Хьюберт Блум - тәуелсіз директор
Грегори Паппас - тәуелсіз директор
Сұлтанов - тәуелсіз директор
Серік Егелұлы