"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 маусымдағы
N 603 қаулысына
қосымша
"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары, төраға
Исекешев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы көмекшісі, орынбасар
Нүсіпова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы сақтау вице-министрі
Кармазина - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Шарман - "Ұлттық медициналық холдинг"
Алмаз Төрегелдіұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)