Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 458 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Аэронавигация саласында:
      әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
      әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.";
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) әуежайлардың қызметтері:
      әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
      авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
      әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;
      жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов