Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 926 және 2005 жылғы 11 шілдедегі N 718 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 1 тамыздағы N 800 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 396 Қаулысы

Жаңартылған

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі N 718  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 365-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесінде:
      3-тармақтың 1) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарында:
      "техникалық реттеу саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын, "нормативтік құқықтық кесімдер" және "нормативтік құқықтық кесімдердің" деген сөздер тиісінше "техникалық регламенттер" және "техникалық регламенттердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы N 800  қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 429-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов