Сәйкестiктi растау жөнiндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы N 800 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 396 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамына:
Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
Ерғали Бөлегенұлы        министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
                         істері департаментінің директоры, өкілдің
                         орынбасары
енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Ордабаев Самат Исламұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы