Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республмкасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 385 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбілезов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қарыбай Тілеубергенұлы        және сауда вице-министрі

Пірматов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Шыналиев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы             Министрі Кеңсесінің Индустриялық-
                              инновациялық даму бөлімі
                              меңгерушісінің орынбасары

      "Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Ыбыраев Азамат Болатұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов