Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 Қаулысы

Қолданыстағы

      " Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:

      1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:
      "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" деген бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 536-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
536       "Телекоммуникация саласындағы       Астана қаласы
          техникалық сүйемелдеу және талдау
          орталығы" республикалық мемлекеттік
          кәсіпорны (шаруашылық жүргізу
          құқығында)                                          ".

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын.

      3. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысында :
      2-1-тармақтың 2) тармақшасында:
      "үйлесімділігін қамтамасыз ету" деген сөздер "үйлесімділігін есептеуді жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "электрмагниттік үйлесімділікті есептеуді жүргізуді қоса алғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;".

      4. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 294-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      294. "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 362 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 724 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).