Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
N 276 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.";
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. (3-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 17, 157-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеде:
бүкіл мәтін бойынша "департаменттерінен (басқармаларынан)", "департаменттерімен (басқармаларымен)", "департаментіне (басқармасына)" және "департаменті (басқармасы)" деген сөздер тиісінше "басқармаларынан", "басқармаларымен", "басқармасына" және "басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 368
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 14, 161-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "департаментінің (басқармасының)", "Департамент (басқарма)", "Департаменттің (басқарманың)", "департаментке (басқармаға)", "Департаментке (басқармаға)" және "департаментінің" деген сөздер тиісінше "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "басқармаға", "Басқармаға" және "басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесіне 5-қосымшадағы "департаментінің" деген сөз "басқармасының" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
N 276 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 4 қазандағы
N 1022 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты
2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
3. Ішкі саясат басқармасы
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы
6. Денсаулық сақтау басқармасы
7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы
8. Мәдениет басқармасы
9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен
дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
басқармасы
10. Білім басқармасы
11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы
14. Ауыл шаруашылығы басқармасы
15. Құрылыс басқармасы
16. Қаржы басқармасы
17. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
18. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
19. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
20. Жер қатынастары басқармасы
21. Тілдерді дамыту басқармасы
22. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі
1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты
2. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын
әкімшілендіру басқармасы (Астана қаласы)
3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
4. Ішкі саясат басқармасы
5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы
7. Тұрғын үй басқармасы
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
9. Денсаулық сақтау басқармасы
10. Мәдениет басқармасы
11. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен
дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
басқармасы
12. Білім басқармасы
13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
14. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
15. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы
16. Құрылыс басқармасы
17. Қаржы басқармасы
18. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
19. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
20. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
21. Жер қатынастары басқармасы
22. Тілдерді дамыту басқармасы
23. Ауыл шаруашылығы басқармасы
24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы
3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі
1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты
2. Ішкі саясат бөлімі
3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
6. Жер қатынастары бөлімі
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
8. Білім бөлімі
9. Кәсіпкерлік бөлімі
10. Ауыл шаруашылығы бөлімі
11. Құрылыс бөлімі
12. Дене шынықтыру және спорт бөлімі
13. Қаржы бөлімі
14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
N 276 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1324 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
бөлім бастығының орынбасары бөлімде (бастықты қоса
алғанда) кемінде 7 бірлік
болғанда;
Басқарма бастығының орынбасары басқармада (бастықты қоса
алғанда) кемінде 15 бірлік
болғанда. Басқарма бастығы
орынбасарының шекті саны 3
бірліктен аспауы тиіс.