Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 270 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      2) атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      3) Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен, (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      4) ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      5) Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      6) медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      7) Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      8) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      9) Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      10) ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      11) Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      12) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      13) Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      14) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      15) Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа да аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі ;

      16) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      17) Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      18) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;

      19) Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;

      20) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. "Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы N 100 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген   

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі
қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

      1) атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру;

      2) атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау (атом энергиясын пайдалану объектілерін, олардың бөліктерін, блоктарын, жүйелерін, конструкцияларын салу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу);

      3) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу;

      4) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға қосу;

      5) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалану;

      6) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдаланудан шығару;

      7) атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару.

      3. Заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

      4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      5. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия шек қойылмай қолданылатын мерзімге берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      7. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      10. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.

      11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

      13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда, лицензияның телнұсқаларын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      18. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік
циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау
жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклі кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды:

      1) атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру жөніндегі қызмет;

      2) атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау (атом энергиясын пайдалану объектілерін, олардың бөліктерін, блоктарын, жүйелерін, конструкцияларын салу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу) жөніндегі қызмет;

      3) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу жөніндегі қызмет;

      4) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға қосу жөніндегі қызмет;

      5) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалану жөніндегі қызмет;

      6) атом энергиясын пайдалану объектілерін (бүкіл кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдаланудан шығару жөніндегі қызмет;

      7) атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару жөніндегі қызмет.

      3. Атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптар өтініш берушіде:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде белгіленген қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымның;

      2) жобалау-іздестіру қызметтеріне арналған лицензиясының;

      3) құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензиясының;

      4) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      5) аттестатталған пайдаланылатын есептеу бағдарламалары мен кодтарының;

      6) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      7) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың болуын қамтиды.

      4. Атом энергиясын пайдалану объектілерін жобалау (атом энергиясын пайдалану объектілерін, олардың бөліктерін, блоктарын, жүйелерін, конструкцияларын салуға қажетті техникалық-экономикалық негіздемесі, есептеулері, сызбалары, макеттері, сметалары, түсіндірме жазбалары бар кешенді техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеу) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) жобалау-іздестіру қызметіне арналған лицензиясының;

      2) құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензиясының;

      3) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      4) аттестатталған жобалау, құрастыру процесінде пайдаланылатын есептеу бағдарламалары мен кодтарының;

      5) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      6) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың болуын қамтиды.

      5. Атом энергиясын пайдалану объектілерін (барлық кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптар өтініш берушіде мыналардың:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде белгіленген қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымның;

      2) жобалау-іздестіру қызметіне арналған лицензиясының;

      3) құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензиясының;

      4) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      5) алаңды таңдау актісін қоса алғанда, орналастыру алаңын таңдау бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген негіздеуші материалдарының;

      6) объектіні және ядролық материалдарды физикалық жағынан қорғауды қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен бекітілген жобаның және жүйенің;

      7) объекті құрылысының бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың;

      8) объектінің қауіпсіздігін талдау бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген алдын ала есебінің;

      9) қауіпсіздік жүйелерінің және қауіпсіздік үшін маңызды жүйелердің құрылысы мен монтаждау бойынша орындау құжаттамаларының;

      10) тиісті есептеулермен негізделген көлемде объектіні пайдаланудан қауіпсіз шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы ресурстарының;

      11) белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспарының;

      12) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      13) мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз етудің белгіленген тәртіппен бекітілген бағдарламасының;

      14) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде, оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      15) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      16) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      6. Атом энергиясын пайдалану объектілерін (барлық кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен және ядролық және радиациялық қауіпті жұмыстарды жүзеге асыру құқығына рұқсат алған техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) пайдаланылатын персоналды іріктеу, даярлау және олардың біліктілігін қолдау жүйесінің;

      4) объектінің бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасының;

      5) белгіленген тәртіппен бекітілген пайдалануға қосу бағдарламасының;

      6) авариялардың алдын-алу іс-шараларын қамтитын іске қосу және реттеу жұмыстарының белгіленген тәртіппен бекітілген бағдарламаларының;

      7) қауіпсіздікті талдау бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген түпкілікті есебінің (құрылыс аяқталғаннан кейін);

      8) қауіпсіздік жүйелерін және қауіпсіздік үшін маңызды жүйелерді салу, монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша атқарушы құжаттамаларының;

      9) жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды, персоналға медициналық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;

      10) жүйелер мен жабдықтарды пайдалануға қосуға дайындығының белгіленген тәртіппен ресімделген актілерінің;

      11) атом энергиясын пайдалану объектісін қауіпсіз пайдаланудың қауіпсіздігіне, шектері мен шарттарына байланысты операцияларды орындаудың жалпы тәртібінің, пайдалану ережелері мен пайдаланудың негізгі тәсілдерін анықтайтын белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентінің;

      12) жүйелер мен жабдықтарды, бағдарламаларды, қауіпсіздік жүйелеріндегі жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұруға және бас тартуларды болдырмауға бағытталған техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тексеру және сынақ жүргізу кестелерін пайдалану жөнінде бекітілген нұсқаулықтардың;

      13) иондаушы сәуле көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар);

      14) жобада көзделген барлық жұмыс режимдерінің көлемінде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде объектіде, санитарлық-қорғау аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің;

      15) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің;

      16) белгіленген тәртіппен бекітілген ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету жүйесінің;

      17) белгіленген тәртіппен бекітілген объектінің және ядролық материалдардың пайдалануға қосылуының физикалық жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйенің дайындығы туралы актінің;

      18) белгіленген тәртіппен бекітілген және қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының;

      19) белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдаланудан шығарудың алдын-ала жоспары;

      20) тиісті есептеулермен негізделген көлемде объектіні пайдаланудан қауіпсіз шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы ресурстарының;

      21) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      22) иондаушы сәуле көздеріне арналған санитарлық паспорттың;

      23) көлік саласындағы санитарлық паспорты және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясының;

      24) белгіленген тәртіппен бекітілген өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесінің;

      25) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      26) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      27) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      7. Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалану (барлық кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының;

      2) объектінің бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасының;

      3) белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздікті талдау жөніндегі түпкілікті есептің (құрылыс және іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін);

      4) қауіпсіздік жүйелерін және қауіпсіздік үшін маңызды жүйелерді салу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі орындау құжаттамасының;

      5) жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды, персоналды медициналық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;

      6) жүйелер мен жабдықтарды сынау актілерінің, пайдалануға қабылдау актілерінің, аяқталған объектілерді пайдалануға қосу белгіленген тәртіппен ресімделген актілерінің;

      7) атом энергиясын пайдалану объектісін қауіпсіз пайдаланудың қауіпсіздігіне, шектері мен шарттарына байланысты операцияларды орындаудың жалпы тәртібінің, пайдалану ережелері мен пайдаланудың негізгі тәсілдерін анықтайтын белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентінің;

      8) жүйелер мен жабдықтарды, бағдарламаларды, қауіпсіздік жүйелеріндегі (бас тартуларды болдырмауға) және жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұруға бағытталған техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тексеру және сынақ жүргізу кестелерін пайдалану жөнінде бекітілген нұсқаулықтардың;

      9) иондаушы сәуле көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар);

      10) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен және ядролық және радиациялық қауіпті жұмыстарды жүзеге асыру құқығына рұқсаттама алған техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      11) пайдаланылатын персоналды таңдау, даярлау және олардың біліктілігін қолдау жүйесінің;

      12) жобада көзделген барлық жұмыс режимдерінің көлемінде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде объектіде, санитарлық-қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің;

      13) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің;

      14) белгіленген тәртіппен бекітілген ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету жүйесінің;

      15) белгіленген тәртіппен бекітілген объектінің және ядролық материалдардың физикалық жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйенің пайдалануға қабылдау актілерінің;

      16) белгіленген тәртіппен бекітілген және қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының;

      17) авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтау үшін бекітілген аварияға қарсы жаттығулар жүргізу әдістемелерінің, бағдарламалары мен кестелерінің;

      18) белгіленген тәртіппен бекітілген алдын ала жасалған объектіні пайдаланудан шығару жоспарының;

      19) тиісті есептеулермен негізделген көлемде объектіні пайдаланудан қауіпсіз шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы ресурстарының;

      20) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      21) иондаушы сәуле көздеріне арналған санитарлық паспорттың;

      22) көлік саласындағы санитарлық паспорттың және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензиясының;

      23) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың;

      24) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      25) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      26) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      8. Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдаланудан шығару жөніндегі қызметті (барлық кешенді, жекелеген ғимараттарды, бөліктерді, блоктарды, жүйелерді, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына жету үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының;

      2) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін тасымалдауға арнайы мамандандырылған автокөліктің;

      3) иондаушы сәуле көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және/немесе көмуге арналған жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар);

      4) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен және ядролық және радиациялық қауіпті жұмыстарды жүзеге асыру құқығына рұқсаттама алған техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      5) пайдаланылатын персоналды таңдау, даярлау және олардың біліктілігін қолдау жүйесінің;

      6) жобада көзделген барлық жұмыс режимдерінің көлемінде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде объектіде, санитарлық-қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің;

      7) персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің;

      8) белгіленген тәртіппен бекітілген ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету жүйесінің;

      9) белгіленген тәртіппен бекітілген объектінің және ядролық материалдарды пайдаланудағы физикалық жағынан қорғалуын қамтамасыз ету жүйесін пайдалануға қабылдау актілерінің;

      10) белгіленген тәртіппен бекітілген және қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген авария жағдайында персоналды және халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының;

      11) авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтау үшін бекітілген аварияға қарсы жаттығулар жүргізу әдістемелерінің, бағдарламалары мен кестелерінің;

      12) тиісті есептеулермен негізделген көлемде объектіні пайдаланудан қауіпсіз шығару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы ресурстарының;

      13) белгіленген тәртіппен бекітілген объектіні пайдаланудан шығарудың түпкілікті жоспарының;

      14) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      15) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың;

      16) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде, оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      17) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      18) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      9. Атом энергиясын пайдалану объектілерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) қажетті әкімшілік басқару мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық регламенттері мен ережелерінде бекітілген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін жобаны басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталатын тиісті білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, қауіпсіздік ережелерін білудің біліктілік тексеруінен өткен техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      4) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген   

Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару
көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық
қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс
істеу жөніндегі қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

      1) ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды дайындау, өндіру, сақтау және қайта өңдеу;

      2) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру;

      3) иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндіру;

      4) ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін және радиоактивті заттарды өткізу.

      3. Лицензиялау субъектілері заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

      4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      5. Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивтік заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Лицензия мен лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер және құжаттар.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады).

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      10. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;

      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін.

      11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдері біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

      13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтып алған, бүлдіріп алған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      18. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару
көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық
қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс
істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды:

      1) ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды дайындау, өндіру, сақтау және қайта өңдеу;

      2) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру;

      3) иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндіру;

      4) ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін және радиоактивті заттарды өткізу.

      3. Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) тиісті техникалық регламенттер мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті әкімшілік басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның;

      2) меншік немесе жалға беру құқығындағы тиісті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлардың, инженерлік құрылыстардың, технологиялық желілер мен бақылау аспаптарының);

      3) дайындалатын иондаушы сәуле көздеріне, ерекше түрдегі радиоактивті материалдарға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес бекітілген стандарттардың;

      4) ядролық материалдарға және/немесе иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған меншік немесе жалға беру құқығындағы қоймаларының;

      5) иондаушы сәуле шығару көздерін, ядролық материалдарды, радиоактивтік заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізудің белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентінің (нұсқаулықтардың);

      6) персоналдың сәуле алу мөлшерін өлшеу және есептеу жүйесінің;

      7) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету (жауапты) қызметінің;

      8) бекітілген ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарларының;

      9) белгіленген тәртіппен бекітілген ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылау жүйесінің;

      10) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған тиісті білімі және мамандығы бойынша екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережелерін, қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен және белгіленген тәртіпте радиациялық-қауіпті жұмыстарды орындауға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      11) мәлімделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламаларының;

      12) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттаманың;

      13) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспорттың;

      14) автокөлікке арналған санитарлық паспорттың және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның;

      15) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      16) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      17) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген   

Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Лицензиялау субъектілері заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      4. Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Лицензия алу үшін өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      6. Лицензия алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады).

      7. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      8. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;

      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны береді.

      11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      12. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Лицензияны жоғалтып алған немесе бүлдіріп алған жағдайда лицензияның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензиялау туралы заңда көзделген жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      16. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды
қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және
пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану бойынша лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) иондаушы сәуле шығару көздерін дайындауға арналған меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлардың, инженерлік құрылыстардың, технологиялық желілер мен бақылау аспаптарының);

      2) дайындалатын рентген жабдығына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес бекітілген стандарттардың;

      3) мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережелерін және радиациялық қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен және радиациялық қауіпті жұмыстарға рұқсат етілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      4) персоналдың сәулелену мөлшерін өлшеу және есептеу жүйесінің;

      5) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ететін жауаптының;

      6) радиациялық қауіпсіздік бойынша, персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-қимылы бойынша бекітілген нұсқаулықтарының;

      7) иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс жүргізудің белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентінің (нұсқаулықтың);

      8) мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      9) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      10) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспортының;

      11) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі " Атом энергиясын пайдалану туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

      1) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;

      2) иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;

      3) радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бақылау жүргізу;

      4) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;

      5) азық-түліктерде, материалдарда, қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;

      6) аумақтарды гаммалық суретке түсіру және басқа да радиометрикалық зерттеулер;

      7) персоналды, халықты дозиметрлік жеке-жеке бақылау;

      8) аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтіру.

      3. Лицензиялау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады.

      4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензия бас лицензия болып табылады, оның қолданылу мерзіміне шек қойылмайды.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Лицензия мен лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар (қызметтің кіші түріне).

      8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға өтінішпен бірге ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      10. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.

      11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

      13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

      18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету
жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды:

      1) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;

      2) иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмысының сапасын бақылау;

      3) радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бақылау жүргізу;

      4) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;

      5) азық-түліктерде, материалдарда, қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;

      6) аумақтарды гаммалық суретке түсіру және басқа да радиометрикалық зерттеулер;

      7) персоналды, халықты дозиметрлік жеке-жеке бақылау;

      8) аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтіру.

      3. Құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмысының сапасын бақылау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) жұмыстарды орындау үшін жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген бақылау әдістері және өлшеу құралдары, конструкторлық-технологиялық құжаттама);

      2) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламентінің (нұсқаулықтың);

      3) бекітілген радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі жоспарлардың;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      5) персоналдың сәулелену мөлшерін өлшеу және есептеу жүйесінің;

      6) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімінің және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесінің (жеке тұлға үшін);

      7) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының (заңды тұлға үшін);

      8) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      9) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      10) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      11) экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      4. Радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бағалау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      2) қауіпсіздікті бағалау үшін пайдаланылатын аттестатталған есептік бағдарламалар мен кодтардың;

      3) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды.

      5. Аумақтарды, үй-жайды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау, аумақтарды гамма-түсіру және басқа да радиометрлік зерттеулер, азық-түліктердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау, радонның және басқа радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу, персоналды, тұрғындарды жеке дозиметрлік бақылау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген қажетті өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесінің (жеке тұлға үшін);

      3) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының (заңды тұлға үшін);

      4) өлшеулер жүргізудің бекітілген және метрологиялық аттестатталған әдістемелерінің, сұрыптау және сынамаларды дайындау бойынша бекітілген нұсқаулықтардың;

      5) иондаушы сәуле шығару көздерімен, радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздік бойынша бекітілген нұсқаулықтардың;

      6) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      7) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      8) иондаушы сәуле шығару көздерінің санитарлық паспортының (заңды тұлға үшін);

      9) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      10) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      11) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      6. Радиациялық оңалту және аумақтар мен объектілерді қалпына келтіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыруға, жинауға, сақтауға, қайта өңдеуге арналған жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген бақылау әдістері және өлшеу құралдары);

      2) бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламентінің (залалсыздандыру, жинау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу тәсілі);

      3) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың;

      4) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      5) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      7) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспортының;

      8) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен  
бекітілген  

Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Лицензиялау субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      4. Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Лицензия алу үшін өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      6. Лицензия алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады).

      7. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      8. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;

      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген жағдайда немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны береді.

      11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      12. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Лицензияны жоғалтып алған, бүлдіріп алған жағдайда лицензияның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      16. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 және жылу жеткізу температурасы 115 о С қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жабдықтарды жөндеуді қоспағанда) қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның;

      2) бақылау мен сынақтар өткізуге және дайындауға арналған қажетті меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның;

      3) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      4) аттестатталған, конструкциялау процесінде пайдаланылатын есептеу бағдарламалары мен кодтарының;

      5) мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық, әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

      1) радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;

      2) үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);

      3) радиоактивті қалдықтарды тасымалдау;

      4) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу;

      5) радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму.

      3. Лицензиялау субъектілері заңды тұлғалар болып табылады.

      4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:

      1) белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер және құжаттар.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады).

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      10. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;

      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.

      11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

      12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

      13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтып алған, бүлдіріп алған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензиялау туралы заңда көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      18. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды:

      1) радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;

      2) үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);

      3) радиоактивті қалдықтарды тасымалдау;

      4) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу;

      5) радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму.

      3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) тиісті техникалық регламенттер мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті әкімшілік басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның;

      2) радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыруға, жинауға, сақтауға, қайта өңдеуге арналған меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базасының (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, механизмдер, жабдықтар, көлік, буып-түйетін жинақталымдар, ыдыс);

      3) қалдықтардың шығу тегі, түрі, саны, радионуклидтік құрамы және белсенділігі туралы деректердің;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламентінің (жинау, сұрыптау, сақтау, өңдеу, қайта өңдеу, көму тәсілі);

      5) жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі радиациялық қауіпсіздік бойынша бекітілген нұсқаулықтардың;

      6) регламенттелген қызметті жүргізу кезіндегі радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің;

      7) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      8) мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      9) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспортының;

      10) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      11) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      12) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      13) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды,
иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін,
радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда,
Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      4. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:

      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      6. Лицензия алу үшін өтінішпен бірге лицензиарға берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып жіберіледі (тапсырылады).

      7. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      8. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;

      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беру үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны береді.

      11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      12. Лицензияның қолданылуын тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      16. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен
бекітілген   

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоизотопты иондаушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға арналған біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензиясының;

      2) уәкілетті органның буып-түйетін жинақталым конструкциясын, ерекше түрдегі радиоактивті материалды бекіткені туралы құжаттың;

      3) белгіленген тәртіппен бекітілген тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі радиациялық қорғаныш бағдарламасының;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген тасымалдау кезіндегі аварияның зардаптарын жою жоспарының;

      5) белгіленген тәртіппен бекітілген тасымалдау кезеңінде ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың;

      6) белгіленген тәртіппен бекітілген тасымалдау кезеңінде ядролық материалдарды және иондаушы сәуле көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жоспарының;

      7) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;

      8) өтініш беруші мәлімделетін қызмет түрі бойынша бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      9) көлік құралына арналған санитарлық паспортының;

      10) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      11) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      12) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен
бекітілген    

Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      4. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Өтініш беруші лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:

      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Жарғының және заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      6. Лицензиарға лицензия беру үшін өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып жіберіледі (тапсырылады).

      7. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      8. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

      10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген қызмет түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.

      11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      12. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      16. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында
жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған
және басқа аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік
талаптары

      1. Осы Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға арналған біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген мәлімделген қызметті жүргізу көзделген аумақтың радиологиялық сипаттамасының;

      2) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрі бойынша өндірістік процестің технологиялық регламентінің;

      3) бекітілген радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының;

      5) мәлімделетін қызмет түрі бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың өтініш беруші бекіткен тізбесінің;

      6) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      7) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;

      8) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:

      1) атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу және реттеу;

      2) атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызметтер ұсыну;

      3) ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар ядролық қондырғыларды, объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету.

      3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

      4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      5. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Өтініш беруші лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:

      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      7. Лицензиясы бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер және құжаттар.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып жіберіледі (тапсырылады).

      9. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      10. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.

      11. Лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себебі туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған мерзімдер аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

      13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      14. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      17. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      18. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды
физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Осы Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Бұл түр мынадай кіші түрлерді:

      1) жабдықтарды және атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу жөніндегі қызметті;

      2) атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті;

      3) ядролық қондырғыларды, ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті;

      4) ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті қамтиды.

      3. Жабдықты және атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет белгі беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке арналған лицензиясының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) жобалау, құрастыру процесінде пайдаланылатын аттестатталған
есептік бағдарламалары мен кодтарының;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрі бойынша (жобалауды қоспағанда) технологиялық регламентінің (нұсқаулықтың);

      5) физикалық қорғау жүйелеріне сынақтар өткізудің нұсқаулықтары мен әдістемелерінің;

      6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      7) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.

      4. Атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып персоналды даярлау бағдарламаларының;

      4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды.

      5. Ядролық қондырғыларды, ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып персоналды даярлау бағдарламаларының;

      4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.

      6. Ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының;

      2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;

      3) қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып персоналды даярлау бағдарламаларының;

      4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;

      5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен 
бекітілген    

Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

      4. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Өтініш беруші лицензия алу үшін (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды:

      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);

      4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);

      5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      6. Лицензия алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, жіберіледі (тапсырылады).

      7. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      8. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      10. Егер лицензиар өтініш берушіге белгіленген мерзімде лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды өзі мәлімдеген қызмет түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.

      11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      12. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      16. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 19 наурыздағы
N 270 қаулысымен  
бекітілген  

Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары " Атом энергиясын пайдалану туралы " 1997 жылғы 14 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға арналған біліктілік талаптары өтініш берушіде:

      1) оқу өткізу үшін меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базасының (оқытатын үй-жайлар, жабдықтар, аспаптар);

      2) оқыту саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті оқытушылар құрамының;

      3) бекітілген мамандарды оқыту бағдарламасының;

      4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының болуын қамтиды.