Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 262 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 389-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:

      3-тармақта "табиғи" деген сөз "сәйкестендіру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12-тармақтың екінші абзацында "құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер "құқық туралы бұрын берілген құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастрлық істер жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастрлық ісі Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатында сақталады.";
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бөлудің нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын дайындайды, оларды өтініш берушіге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органы береді.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жер учаскесіне құқықтары ауысқан жағдайда сәйкестендіру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесіне беріледі.
      Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, ал жаңа құқық иеленуші туралы жазба жер-кадастрлық кітапқа және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
      Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.
      Осы жер учаскесін кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесі туралы мәліметтермен бірге) Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын екі апта мерзімде жер учаскесі орналасқан орны бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.";

      14-тармақта "қажеттіктер" деген сөз "мұқтаждықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "учаскесін қайта құру" деген сөздер "учаскесінің бір бөлігін алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "не азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмілелер" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Бірнеше жер учаскелері бірге қосылған кезде жаңа кадастрлық ісі ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргізілген кадастрлық істер жинақталады. Біріктіру нәтижесінде құрылған жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжаты дайындалады.";

      25-тармақтың бесінші абзацында "қажеттіктер" деген сөз "мұқтаждықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28-тармақта соңғы абзац алынып тасталсын;

      30-тармақта:
      бірінші абзацта "жер құқығын куәландыратын" деген сөздер "жер учаскесіне сәйкестендіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      екінші абзацта "Жерге құқықты куәландыратын ескі үлгідегі құжаттарды" деген сөздер "Жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты" деген сөздермен ауыстырылсын, "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "кітапқа" деген сөзден кейін ", кадастрлық іске" деген сөздермен толықтырылсын;

      37-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      40-тармақта "құқықты куәландыратын құжаттарға" деген сөздер "сәйкестендіру құжаттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45-тармақтың үшінші абзацында "өтеусіз негізде" деген сөздер "осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 43, 464-құжат);
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      15-тармақтың екінші абзацында "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Ереженің 22-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда;";

      3) "Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 21, 209-құжат):
      тақырыбында және 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "құқығын куәландыратын құжаттардың" деген сөздер "сәйкестендіру құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі