Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 188 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион) теңге мөлшерінде;
      күзгі кезеңде 7937382000 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион үш жүз сексен екі мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27  N 774 Қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27  N 774 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі