Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 188 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2008 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион) теңге мөлшерінде;
      күзгі кезеңде 2316382000 (екі миллиард үш жүз он алты миллион үш жүз сексен екі мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі