Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2008 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 173 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі, " 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2008 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2008 жылғы 20 ақпандағы    
N 173 қаулысымен       
бекітілген          

  Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2008 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2008 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2008 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалануы тәртібін айқындайды.

      2. Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ):
      1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген немесе перспективті деп танылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттардың 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде өндірілген жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін (интенсивті типті өнеркәсіптік бақтарды) отырғызуға және оларды 2008 жылы өсіруге;
      2) 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша 2007 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші өсу жылғы көпжылдық екпелерін өсіруге (күтуге) кеткен шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.

      4. Осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қаражат бөлу шартымен, бірақ төрт жылдан аспайтын уақытқа жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және есіруге бюджеттік субсидия алған АШТӨ-ге келесі жылдары жеміс беру сәті туындағанға дейін оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар беріледі.

      5. Бюджеттік субсидия жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру құнының 40%-ына дейінгі мөлшерде, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 1 гектарға арналған шығындардың мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

  2. Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу тәртібі

      6. АШТӨ өтінімдерін қарау және жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу актілерін жасау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, Ауылшарминінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының, аудандық (қалалық) статистика басқармасының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрамында ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы бөлімі) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

      7. АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде ВАК-ка мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
      4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмелері;
      5) екпе ағаштарды егу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
      6) екпе ағаштарын егу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сату-сатып алу шартының және қаржылық лизинг шартының көшірмелері;
      7) осы Ереженің 12-тармағында көзделген басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға АШТӨ-нің құқығын растайтын құжаттар.

      8. Өткен жылы субсидия алған АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінім тапсырады:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өткен жылы жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу актісінің көшірмелері;
      3) өткен жылы бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері.

      9. ВАК:
      1) он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдердің толықтығы мен нақтылығын тексереді, орналасқан жеріне бара отырып, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу актісін және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін тексеру актісін жасайды;
      2) ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тізбесін (бұдан әрі - тізбе) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оны өтінімдермен қоса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.

      10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен тізбені, өтінімдерді әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актісін, әрбір АШТӨ бойынша тексеру актісін ауыл шаруашылығы бөлімі үш жұмыс күні ішінде АШТӨ өтінімдерін облыста қарау жөніндегі жұмыс органы болып табылатын облыстың ауыл шаруашылығы департаментіне (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы департаменті) жібереді.
      Ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы департаментіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.

      11. Ауыл шаруашылығы департаменті ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Егер өтінімдер сомасы бөлінген бюджет қаражатының сомасынан асып кетсе, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алқаптар АШТӨ арасында алқаптардың сұралған көлеміне байланысты бара-бар бөлінеді. Бұл ретте:
      1) отырғызу алаңы көп АШТӨ-ге басымдық беріледі;
      2) жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызудың және өсірудің ең аз бюджеттен субсидияланатын алаңы бара-бар бөлуден кейін бір АШТӨ-де бір гектардан кем болмауы тиіс.

      13. Ауыл шаруашылығы департаменті АШТӨ-нің өтінімдерін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
      1) облыс бойынша АШТӨ-нің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізбесін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
      2) өтінімдерді ұсынған АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны, теріс шешім қабылданған жағдайда - өтінімді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып жібереді;
      3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.

      14. Ауыл шаруашылығы департаменті үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады.

      15. Ауыл шаруашылығы департаменті бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.

      16. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ ауыл шаруашылығы департаментіне Ауылшармині бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидиялардың орынды және тиімді пайдаланылғаны туралы есеп береді.

      17. Ауыл шаруашылығы департаменттері тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Ауылшарминіне төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі және дақылдар мен сорттар бөлінісінде отырғызу және көпжылдық екпелерді өсіру алқаптары туралы есепті ұсынады.

      18. Бюджеттік қаражаттың тиімді, орынды әрі уақтылы пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ауылшармині және облыстардың жергілікті атқарушы органдары жауапты болады.

      19. Ауыл шаруашылығы департаменттері АШТӨ-ден құжаттарды қабылдау мерзімін, АШТӨ-нің өтінімдерді тапсыру орнын және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, бюджеттік субсидиялар алу тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз етеді.

                                         Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 1-қосымша

      1 гектарға жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
        екпелерін отырғызудың және өсірудің 2008 жылға
                арналған шығындарының мөлшері

1) 2007 жылдың күзінде және (немесе) 2008 жылдың көктемінде және 2008 жылы өсіруге

Р/с
N

Дақыл

Отырғызудың
және
өсірудің
1 гектарға
арналған
шығындары,
теңге

Отырғызудың
және өсірудің
1 гектарға
арналған
шығындарының
құнын
бюджеттік
субсидиялау
пайызы

Отырғызудың
және өсірудің
1 гектарға
арналған
бюджеттік
субсидияларының
мөлшері, теңге

1

Жеміс дақыл-
дары

681 150

40

272 460

2

Жүзім

910 000

40

364 000

2) 2006 жылдың күзінде және (немесе) 2007 жылдың көктемінде отырғызылған көп жылдық екпелердің бірінші жылғы өсуіне (күтіміне)

Р/с
N

Дақыл

Өсірудің 
1 гектарға
арналған
шығындары
(бірінші
өсу жылғы),
теңге

Өсірудің 
1 гектарға
арналған
шығындарының
құнын
бюджеттік
субсидиялау
пайызы
(бірінші өсу
жылғы)

Өсірудің 
1 гектарға
арналған
бюджеттік
субсидиялардың
мөлшері
(бірінші өсу
жылғы), теңге

1

Жеміс
дақыл-
дары

240 150

40

96 060

2

Жүзім

495 537,5

40

198 215

                                           Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 2-қосымша

                                           _________ауданының ВАК

       Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін
      отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған
             бюджеттік субсидияларды алуға өтініш

      1.____________________________________________________________
                     (құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін_____________________________________________
                           (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан___________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
осымен_______га алқапқа жеміс дақылының/жүзімнің (қажетінің астын сызу керек) көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
      2. Өтінішке мыналар:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың;
      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің;
      статистикалық картаның;
      екпелерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың;
      екпелерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сатып алу-сату шартының;
      басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері
                                                ____________________
                                                ____________________
                                                ____________________
  ______________________
   (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                         Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 3-қосымша

       Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық өсіруді
     қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды
                       алуға өтініш

      1.____________________________________________________________
                     (құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін_____________________________________________
                           (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан___________________________________________
                                    (Т.А.Ә., лауазымы)
осымен______га алқапқа 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде отырғызылған жеміс дақылының/жүзімнің (қажетінің астын сызу керек) бірінші өсу жылғы, көпжылдық екпелерін өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
      2. Өтінішке мыналар:
      өткен жылы жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу актісінің;
      өткен жылы бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері:
                                                ____________________
                                                ____________________
                                                ____________________
  ______________________
   (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                          Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 4-қосымша

              Жеміс дақылдары мен жүзімнің
            көпжылдық екпелерін отырғызудың
        200__жылғы "___" ________N______актісі

      Біз, төменде қол қойған,_____________облысы___________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық
комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы___________________________________________________
                               (лауазымы, Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының
(бөлімінің) өкілі_____________________, Қазақстан Республикасы Ауыл
                  (лауазымы, Т.А.Ә.)
шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі,
______________________, аудандық (қалалық) статистика басқармасының
  (лауазымы, Т.А.Ә.)
өкілі,_______________________Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
        (лауазымы, Т.А.Ә.)
министрлігі ғылыми ұйымының өкілі,__________________________________
                                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
қоғамдық ұйымның _____________________________________________өкілі,
                                      (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________басшысы
         (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
____________________________________________________________________
          (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
 
мынадай көпжылдық екпелерді отырғызуды жүзеге асырғаны туралы осы актіні жасадық:
______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
 
Комиссия төрағасы             ____________________
                                      (қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
басқармасының (бөлімінің) өкілі___________________
                                      (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі______________________
                                      (қолы)
аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі          _______________________
                                      (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымының өкілі        _______________________
                                      (қолы) 
қоғамдық ұйымның өкілі       _______________________
                                      (қолы)
ауыл шаруашылығы
тауарын өндіруші             _______________________
                                      (қолы)

                                         Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 5-қосымша

          Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
                  екпелерін тексерудің
          200__жылғы "___" ________N______актісі

      Біз, төменде қол қойған,__________облысы______________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық
комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы___________________________________________________
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының
(бөлімінің) өкілі____________________, Қазақстан Республикасы Ауыл
                  (лауазымы, Т.А.Ә.)
шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі
__________________аудандық (қалалық) статистика басқармасының өкілі
(лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________________, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
    (лауазымы, Т.А.Ә.)
министрлігі ғылыми ұйымының өкілі___________________________________
                                       (лауазымы, Т.А.Ә.)
қоғамдық ұйымның өкілі,______________________________________басшысы
____________________________________________________________________
          (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
мынадай 200 отырғызылған көпжылдық екпелерді бірінші өсу жылына өсіруді жүзеге асыратыны туралы осы актіні жасадық:

______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________га алқапқа____________________________________________
                           (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
 
Комиссия төрағасы             ____________________
                                      (қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
басқармасының (бөлімінің) өкілі___________________
                                      (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі______________________
                                      (қолы)
аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі          _______________________
                                      (қолы)
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымының өкілі        _______________________
                                      (қолы) 
қоғамдық ұйымның өкілі       _______________________
                                      (қолы)
ауыл шаруашылығы
тауарын өндіруші             _______________________
                                      (қолы)

                                         Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 6-қосымша

                                                         Бекітемін
                                       _____________облысының әкімі
                                             ______________________
                                              (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                          200__жылғы»"___" ________

      Жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін
  отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды
   алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 2008 жылға
                    арналған тізбесі

Р/с
N

Аудан-
ның
атауы

Ауыл
шаруа-
шылы-
ғы
тау-
арын
өнді-
ру-
шінің
атауы

Да-
қыл

Отыр-
ғызу
және
өсіру
алқа-
бы,
га

Өсіру
ал-
қабы
(бір-
інші
өсу
жыл-
ғы),
га

Отырғы-
зудың
және
өсіру-
дің 1
гектар-
ға ар-
налған
бюджет-
тік субси-
дияла-
рының
мөлше-
рі,
теңге

Өсірудің
1 гектарға
арналған
бюджеттік
субсидия-
ларының
мөлшері
(бірінші
өсу
жылғы), теңге

Бюджет-
тік
субси-
диялар
сомасы,
теңге

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жиыны:

 

  

  

  

  

  

  

_____________облысының
Ауыл шаруашылығы департаментінің ______________________
                                  (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы»"___" ________

                                          Облыстық бюджеттердің,
                                           Астана және Алматы
                                         қалалары бюджеттерінің
                                        2008 жылдың республикалық
                                        бюджетінен жеміс дақылдары
                                          мен жүзімнің көпжылдық
                                        екпелерін отырғызуды және
                                         өсіруді қамтамасыз етуге
                                             арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                 7-қосымша

                                                        "Бекітемін"
                                        _________________облысының
                                        Ауыл шаруашылығы
                                        департаментінің басшысы
                                        __________________________
                                            (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                          200__жылғы»"___" ________
 

   2008 жылы жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін
  отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік
                субсидияларды төлеу ведомосы

р/сN

Аудан-
ның
атауы

Ауыл
шар-
уашы-
лығы
тау-
арын
өнді-
руші-
нің
атауы

Да-
қыл

Отыр-
ғызу
және
өсіру
алқа-
бы,
га

Өсіру
алқа-
бы
(бір-
інші
өсу
жыл-
ғы),
га

Отырғы-
зудың
және
өсірудің
1 гектарға
арналған
бюджет-
тік суб-
сидияла-
рының
мөлшері,теңге

Өсірудің
1 гектарға
арналған
бюджеттік
субсидия-
ларының
мөлшері
(бірінші
өсу
жылғы),
теңге

Төле-
нуге
тиіс,
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жиыны:

  

  

  

  

  

  

  

Төленетін сома___________________________________
                       (жазбаша)
____________________облысының
Ауыл шаруашылығы департаментінің құрылымдық бөлімше басшысы
                                    _____________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы, мөрі)