Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 160 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде:
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жөргектер.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 160 қаулысына   
1-қосымша      

Мүгедектерді протездік-ортопедиялық
көмекпен және техникалық көмекші 
(орнын толтырушы) құралдармен   
қамтамасыз ету ережесіне     
қосымша             

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз
етуге медициналық айғақтамалар

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 160 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2005 жылғы 20 шілдедегі
N 754 қаулысымен  
бекітілген    

  Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші
топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі
бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі
маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.