"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялаудың 2008 жылға арналған ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 153 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялаудың 2008 жылға арналған ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялаудың 2008 жылға арналған ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі, "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібін белгілейді.
2. Бюджеттік субсидиялау 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) 111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрі - Қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу сатысындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
3) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
4) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері;
5) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
6) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
7) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
8) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
9) іріктеу - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушыларды анықтау және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджеттік субсидияларды бөлу.
2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттар әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібі
4. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстардың құнын бюджеттік субсидиялау жөніндегі қаражатты бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі тапсырыс берушілер арасында іріктеу жүргізеді.
5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші шығынының 50%-ынан аспайды.
6. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерді іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:
1) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс;
2) облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері (басқармалары), Астана және Алматы қалалары ауыл шаруашылығы басқармалары (бөлімдері) ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жолдайды.
7. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге сәйкес келетін тапсырыс берушілерді іріктеуді жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының резиденті (жарғылық капиталының 51 пайызы және одан жоғарысы қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға тиесілі);
2) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы.
8. Тапсырыс беруші енгізуді тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты пайдалана алады, не кәсіпорынның құрылымында саны екі адамнан кем емес штаттағы қызметкерден тұратын сапа қызметі болғанда оны дербес енгізе алады.
9. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:
1) тапсырыс берушімен шарт жасасқан күні халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
2) кемінде екі аяқталған жобаға қатысуы;
3) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);
4) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін).
Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:
1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) менеджмент жүйесін әзірлеуші компаниядағы сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
10. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді комиссияға ұсынады.
11. Тапсырыс беруші өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналарды қоса береді:
1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, тиісті салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
3) консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты);
4) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;
6) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
7) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) тартылған консультантқа: заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
9) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
10) халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған, тартылған консультанттың клиенттері туралы ақпарат (мекен-жайы, байланыс телефондары, е-mail);
11) консалтингтік қызметтер көрсететін тартылған консультанттардың негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты).
Осы тармақтың 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды консультантты тартқан жағдайда тапсырыс беруші береді.
12. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арғы жағындағы жіптің ұшы "_____парақ тігілді және нөмірленді. Күні 2008 жылғы "___"_______" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.
13. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша 5 (бес) күн ішінде өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
14. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
15. Осы Ереженің талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс берушілер-қатысушылар болып белгіленеді.
16. Шығындарды бюджеттік субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомаларына тікелей бара-бар түрде белгілейді.
17. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.
18. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.
19. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін шарт жасалады.
20. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс 2008 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.
21. Бюджеттік субсидия алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға жұмсалған тапсырыс беруші-қатысушының шығындар бюджеттік субсидиялауға арналған өтінімді;
2) тартылған консультант пен тапсырыс беруші-қатысушы (консультантты тартқан жағдайда) қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін, не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;
5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесін.
22. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарлама әкімшісіне 2008 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
23. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеу ведомосын қалыптастырады.
24. Тапсырыс беруші-қатысушыларға бюджеттік субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.
25. Іріктеуді жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін бюджеттік субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.
26. Тапсырыс беруші-қатысушылар бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, қаражатты орынсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
27. Бағдарламаның әкімшісі өз құзыретінің шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапты болады.
Өтінім
______________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы_________________________________________________________
Заңды мекен-жайы____________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы
____________________________________________________________________
Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге_____________________________
Меншікті капиталының мөлшері млн. теңге_____________________________
Құрылтайшылар______________________________________________________
Банктік деректемелері_______________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
____________________________________________________________________
Негізгі қызметінің түрі_____________________________________________
Жылдық айналымы, сомасы_____________________________________________
Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны___________________________________
2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы
Толық атауы_________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі__________________________________________________________
Сертификат алған кәсіпорындардың саны_______________________________
Заңды мекен-жайы____________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құрылтайшылар_______________________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
____________________________________________________________________
Қызметкерлердің саны________________________________________________
3. Жобаның қысқаша сипаттамасы
Жобаның жалпы құны__________________________________________________
төлем шарттары______________________________________________________
жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні______________
N
|
Жұмыстардың
|
Құны
|
Жұмыстардың
|
Оның ішінде жұмыстардың актісі ұсынылады |
|
|
|
|
|
4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер_____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________ _______________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) М.О. (қолы, күні)
Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және
сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының
шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінім
Күні 200__ж "___"_______________
Осымен тапсырыс беруші-қатысушы_______________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200___ жылғы "___"_______________ N______ халықаралық стандарттар әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау туралы шартқа сәйкес 006»"Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) N_____ шотына республикалық бюджеттен_______ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
_______________________ _____________________________________
(кәсіпорынның атауы) {кәсіпорынның бірінші басшысының
қолымен Т.А.Ә.)
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
вице-министрі
2008 жылғы " "
N
006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік
қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару
жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші бағдарламасы
бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге
арналған ведомость
Р/с
№ |
Тапсырыс берушінің атауы |
Барлық көрсетілген қызметтер сомасы (теңге) |
Соның ішінде |
Төлеуге
|
|
консуль-тациялық |
сертификатты растау бойынша |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қайта өңдеу өнеркәсібін
дамыту және ДСҰ
департаментінің директоры__________________________
Қаржылық қамтамасыз ету
департаментінің директоры__________________________