"Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 14 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2016 № 2 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерісі және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) кіріспедегі "Пленум қаулысы" деген сөздер "жалпы отырыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтың екінші абзацындағы "ҚР Үкіметінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-тармақтағы "ҚР" деген сөз алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев