"Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 14 Нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерісі және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) кіріспедегі "Пленум қаулысы" деген сөздер "жалпы отырыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-тармақтың екінші абзацындағы "ҚР Үкіметінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 19-тармақтағы "ҚР" деген сөз алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                            Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                             Ж. Бәйішев