Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.   Қосымшаға сәйкес оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеуге арналған жағдайды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өзінің тарихи отанына келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдастырылған көшіп келуін жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулының орындалуы туралы есептерді 2008 жылғы 1 шілдеге және 2009 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 137 қаулысына  
қосымша      

 Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы

Облыстар мен қалаларды ң
атауы

Отбасы саны

Ақмола

908

Ақтөбе

950

Алматы

1450

Атырау

450

Шығыс Қазақстан

1100

Жамбыл

1300

Батыс Қазақстан

485

Қарағанды

1005

Қызылорда

400

Қостанай

800

Маңғыстау

1740

Павлодар

600

Солтүстік Қазақстан

410

Оңтүстік Қазақстан

3162

Астана қаласы

95

Алматы қаласы

145

Жиыны:

15000