Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс        

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы 15000 отбасы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті