"Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Бірге қатысып жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану аясында туындаған мәселелер бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 25 желтоқсандағы және 2007 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      15-тармақта:

      бірінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      екінші абзац алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев