"Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      Бірге қатысып жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану аясында туындаған мәселелер бойынша біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 25 желтоқсандағы және 2007 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      15-тармақта:
      бірінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      екінші абзац алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                               Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                                Ж. Бәйішев