Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қоршаған ортаға эмиссия үшін базалық және шекті ставкалар мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

1

2

3

4

5

6

"7.

Заңнамада
белгіленген
тәртіппен
жүзеге
асырылатын
алауларда
ілеспе және
(немесе)
табиғи газды
жағудан
ластаушы
заттардың
шығарындыла-
ры

шартты
тонна

  

30567,3

61134,5
 
 

 
 
 

 
 
 
 
 
     ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі