Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 15 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" (бұдан әрі - кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімдегі реттік нөмірі 77-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"77-2   «"Республикалық техникалық және
         кәсіптік білім беруді дамытудың
         және біліктілікті берудің
         ғылыми-әдістемелік орталығы";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі